Елордаға тамыз айында көмірдің жеткізілуі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпараттар беретін жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігі
Қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары үшін көмір өнімдерін сататын 11 тұйық көше және 14 орын бар. Ондағы көмір қоры – 13 мың тонна. Олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/1, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, А.Жұбанов, 35, М.Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-Жол, 9А, Герцен, 6б, Қарағанды тасжолы («Магнум» супермаркетінің артында).
Елорда әкімдігімен жасалған меморандумдар бойынша көмірдің орташа бағасы:
Шұбаркөл – тоннасына 15 100 тг;
Қаражыра – тоннасына 15 500 тг;
Майкуба – тоннасына 13 300 тг.
Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмысын бастады, ол арқылы көмірдің болуы, сату орындарындағы бағалар туралы қажетті ақпарат беріледі.
Вам может быть интересно: «Абсолютный рекорд жары был установлен в июле в Казахстане»
