Президент министр Дархан Қыдырәліні қабылдады

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1625 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить