Премьер-министр аймақтық IT-хаб жұмысымен танысты

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбедегі бірінші аймақтық IT-хабта болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Aqtobe IT-Hub-тың негізгі миссиясы – ІТ-стартаптарды қолдау, цифрлық білім беру және технологиялар трансферті, заманауи технологиялар саласындағы таланттарды іздеу және олардың әлеуетін ашу, жалпы аймақтағы IT саласын дамыту.

Aqtobe IT Hub резиденттері жаңа цифрлық өнімдер мен қызметтерді, оның ішінде қала мен ірі өнеркәсіптік компаниялардың мәселелерін шешуге бағытталған өнімдерді жасаумен айналысады.

Жыл ішінде олар кем дегенде 150 инкубациялық бағдарлама мен 75 стартап жобаны іске қосуды көздеп отыр.

Әлихан Смайылов цифрлық технологиялар саласын дамыту үшін ҚР астанасында салықтық преференцияларды қарастыратын және барлық әкімшілік рәсімдерді жеңілдететін халықаралық IT-хаб құрылғанын атап өтті.

«Қазір нәтижелерді көріп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша IT өнімдері мен қызметтері есебінен $300 млн-нан астам экспорт бар. Биыл ол $500 млн болып отыр. Екі-үш жылдың ішінде $1 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Сондықтан бұл тәжірибені тарату маңызды. Біз Қазақстанда, оның ішіне Ақтөбені қосқанда, осындай сегіз орталық аштық. Биыл жылдың соңына дейін тағы алтауын іске қосу жоспарланып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ Aqtobe IT-хабында Үкімет басшысы мен өңірдің шығармашыл жастарының кездесуі өтті. Оның барысында зияткерлік меншік нарығындағы трендтер, сондай-ақ жастар жобаларын қолдау шаралары талқыланды.

«Осы бағыттардың барлығы бойынша дарынды жастарымыздың әр салада қабілетін дамытуға көмектесу үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеміз», - деді Әлихан Смайылов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2570 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Нуртас Адамбай: ислам - решение всех проблем?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить