Премьер-министр Ақтөбенің Хромтау ауданындағы фабрикаға барды

 Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Хромтау ауданында ашылған Дөң тау-кен байыту комбинатының шламдарын өңдеумен айналысатын «Қазхром» ТҰК» АҚ бірегей байыту фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жыл сайын хром кенін майдалау процесінде Дөң тау-кен байыту комбинатында шамамен 900 мың тонна шлам жиналады.

Қазіргі уақытта жалпы көлемі 14,5 млн тоннаны құрайтын оның құрамында 35%-ға дейін хром оксиді бар.

Озық стандарттар бойынша технологиялық және автоматтандырылған байыту фабрикасы шламдардан гравитациялық әдіспен хром оксидін алуға мүмкіндік береді. Алынған тауар концентратында кем дегенде 48,5% хром оксиді болады.

Жалпы жаңа кәсіпорын жұмыс істеп тұрған өндірістердің қалдықтарын және бұрыннан жиналып келген шламды жылына шамамен 1,7 млн тонна көлемінде қайта өңдеп отыруға мүмкіндік береді.

Премьер-министр зауыттың жергілікті экологияны жақсаруға айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.

«Бұл жобаның маңызы зор. Ең бастысы – қайта өңдеуден кейін қалдықтардың қоймаларын қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп, барлық экологиялық стандартқа сәйкес қалпына келтіру қажет. Үкімет осы және басқа да шикізатты қайта өңдеу жобаларына жан-жақты қолдау көрсететін болады», - деді Әлихан Смайылов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2667 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить