Әлия Рүстемова Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметіне Рүстемова Әлия Шайзадақызы тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ә.Рүстемова 1992 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2007 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтаған. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек тәжірибесін Алматы облысы Талғар қаласындағы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен (1992-1993) бастады. Көптеген жылдар бойы Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Петропавл және Астана қалаларының денсаулық сақтау саласында еңбек етті.

2018 жылдың маусымынан 2022 жылдың тамызына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың тамызынан осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері болды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2732 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить