Ақтөбеге сыбайлас жемқорлардың қаражатынан құрылған қордан қаржы тартылады

Ақтөбеде премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министр қазіргі уақытта жалпы өңір бойынша жергілікті және аудандық маңызы бар жолдардың 30%-ға жуығының нормативтік жағдайы өте нашар екенін атап өтті. Өңірде үлестік құрылыстың шешілмеген мәселелері бар. Ал жүйелі шаралар мен жағдайды дұрыс болжау тәсілдерінің болмауына байланысты облыстың жекелеген аудандарын әр жыл сайын көктемде су басып қалады. Премьер-Министр шешімін таппаған бірқатар әлеуметтік мәселеге де назар аударды

13 мыңнан астам бала 101 бейімделген мектепте білім алып отыр. 5 апаттық жағдайдағы, 24 саман-кірпіштен және 13 ағаштан салынған мектеп жұмыс істейді. Оқушы орындарының тапшылығы 17 мыңнан астам.

64 медициналық мекеме тозығы жеткен және бейімделген ғимараттарда орналасқан.

«Қазір осы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары іске асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қордан қаржы тартылады. Осыған орай, әкімдік жұмысты күшейтіп, жаңа әлеуметтік нысандарды белгіленген мерзімде тапсыруды қамтамасыз етуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр атап өткендей, жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартудың тағы бір маңызды бағыты – тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және олардың табысын арттыру.

Бұған қазіргі нақты жағдайды ескере отырып қабылданған Халықтың табысын арттыру бағдарламасы айтарлықтай ықпал ететін болады.

Кеңес барысында Әлихан Смайылов ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру есебінен азық-түлік бағасын тұрақтандыру және жеңілдетілген шағын несие беру арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын табысты іске асыру мәселелеріне де тоқталды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1696 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить