Балаларды құтқарамын деп қаза тапқан азаматтың отбасы марапатталды - ТЖМ

Тоғандағы суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып, тағы екеуін алып шығу үшін қайта ұмтылғанында өзі оралмай қалған Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрмановтың отбасына медаль табысталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға 2015 жылғы 7 шілдеде болған. Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрманов отбасымен Қарасай ауданы Исаево ауылының жанындағы тоғанға барған. Осы уақытта 10-12 жастағы балалар ата-аналарының қарауынсыз суға шомылып жүреді. Кенеттен ол балалардың суға бата бастағанын байқап қалады. Ойланбастан суға секірген азамат ұл мен қызды шығарып алады. Мұнан соң тағы екі баланы құтқаруға тырысқан. Алайда, оларға қарай сүңгіп кеткен ол өзі қайтып оралған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Рауан Бірқұрмановтың отбасымен кездесіп, «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін табыстады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2101 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить