Талдықорғанда мемлекеттік мекемені алдап, 162 млн теңге ұрлаған үш серіктестік басшысы сотталды

«ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз етуде алдау жолымен ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеп-тексеруді облыстық ҰҚКД мен ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізді. Анықталғандай, үш ЖШС «Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 162 млн теңге сомасына «ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

Бағдарлама басқару органдарының (ПИК) қызметін автоматтандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін және қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін бақылау бойынша әкімдіктің міндеттерін шешуге, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына арналған.

Алайда, олар жұмыс істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізген, осылайша коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген 162 млн теңге залал сомасы толық өтелді.

Сот үкімімен үш ЖШС басшысы кінәлі деп танылды, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру мен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2048 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Арман Сулейменов – IT-звезда Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить