Ауыр атлетикадан еліміздің ерлер және әйелдер құрамаларының бас бапкерлері тағайындалды. Бұл жөнінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Еліміздің ерлер құрамасы бас бапкері қызметіне Бекмұханбетов Дәурен Дүйсенұлы тағайындалды. 1983 жылы дүниеге келген. Бұл салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы. Республика және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Қазақстан және Азия чемпиондарын тәрбиелеп шығарды. Сондай-ақ, олардың арасында Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада ойындарына қатысушылар бар.
Ал, Снегуров Иван Сергеевич еліміздің әйелдер құрамасының тізгінін ұстады. 1988 жылы Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бапкерлік қызметтегі тәжірибесі - 14 жыл. ҚР еңбек сіңірген және жоғары санатты жаттықтырушы. Қазақстан және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Азия және халықаралық чемпионаттардың чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды.
Вам может быть интересно: «Казахстан намерен выдавать «айтишникам» из других стран визы Digital Nomad»
