Аталған кездесуде тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы саласында цифрландыруды арттырып, өзара тиімді әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев айтқандай, түркиялықтар коммуналды шаруашылық саласын цифрландыру бағытында біраз нәтижеге жеткендіктен олардың тәжірибесін зерттеу еліміз үшін маңызды.
Өз кезегінде CyberPark-тің бас директоры Фаруқ Иналтекин Анкара қаласында өткізілетін конференцияда B2B форматына сай кездесулерді ұйымдастыруды ұсынып, онда қазақстандық тарап өз нәтижелерін көрсетіп, сондай-ақ бауырлас елдің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік алатынын айтты.
Бұдан басқа кездесуде цифрландыру саласында, сондай-ақ SCADA жүйесін пайдалану арқылы сужәне жылумен жабдықтау жүйелері бағытындатиімді әріптестікті күшейту мүмкіндіктері қаралды. Тараптар өзара пайдалы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді.
Bilkent CyberPark технопаркі 2002 жылы Билкент университеті және Bilkent Holding ұйымымен бірлесіп құрылған болатын. Бұл Түркиядағы алғашқы университеттік технопарк саналады.
