«Тоқта, вандал»: елордалық белсенділер көшелерді тексеруге шықты

Астанада белгілі спортшылар, қоғам белсенділері құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірлесе «Тоқта, вандал» акциясы аясында қала аудандары бойынша түнгі рейд өткізді. Оған қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме өткізді, сондай-ақ тәртіп бұзушыларды ұстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция қалалық мүліктің бүлінуіне жол бермеуге және тәртіпті сақтауға бағытталған. Рейдке полиция департаментінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен еріктілер қатысты. Олардың қатарында панкратион мен джиу-джитсудан әлем, Еуразия және Азия чемпионы және қазақстандық кәсіпқой жауынгер Василий Тахтай, стрит-воркауттан ҚР құрамасының бас бапкері, әлем чемпионы Айтым Жақыпов секілді акцияны қолдаған белгілі спортшылар да болды.

Спортшылар құқық қорғау органдарымен бірге тәртіп бұзушыларды ұстады, өтіп бара жатқан адамдарға қаладағы тәртіп пен тазалықты сақтаудың, қалалық ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Тоқта, вандал» акциясы 2 тамыздан басталып, жыл соңына дейін жалғасады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11069 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4233
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2928
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3693
7 августа родились
Дина Галиева
экс-заместитель председателя Национального банка РК
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить