Әлихан Смайылов Астанадағы жаңа газ жылу стансалары және 3-ЖЭО құрылысымен танысты

 12 тамыз күні премьер-министр Әлихан Смайылов Астанадағы «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансалары (ГЖС) мен 3-ЖЭО құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір 3-ЖЭО-да жұмыс 90% орындалған. Биыл барлық 4 қазандықты (газ) кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Бұл елордадағы жылу қуатын қосымша 440 Гкал/сағ арттыруға мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов бұл жобаның қала халқы үшін әлеуметтік маңыздылығын және оны іске қосу мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Алдағы жылыту маусымында қазандықтардың бәрін пайдалануға беріп, қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету өте маңызды. Қала әкімдігі нысанды уақтылы іске қосу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс», - деді ол.

Содан кейін Премьер-Министр елорданы шамамен 350 Гкал/сағ көлемінде қосымша жылумен қамтамасыз ететін «Тұран» газ жылу стансасына барды. Одан әрі үкіметтік делегация жалпы қуаты 350 Гкал/сағ болатын және сол жағалау аймағын қамтуы тиіс «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансасының құрылысын тексерді. Құрылыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Жалпы, жаңа ГЖС-ның артықшылығы – табиғи газды үнемді тұтынуға мүмкіндік беретін шағын қазандықтар. Табиғи газдан басқа, олар дизельмен жұмыс істеуге арналған.

«Қазір бізде екі газ қазандығы бар, жаңа жылу электр орталығы іске қосылып жатыр. Бұл алдағы жылыту маусымында қаланы шамамен 1100 Гкал/сағ жылумен қамтамасыз етеді, демек, біз жылуды артығымен беруге жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ елорданы болашақта жылумен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін келесі жылы қосымша газ қазандықтарын енгізу жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1702 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить