NCOC Маңғыстауда төрт әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландырады

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев NCOC басқарма директорының орынбасары Ерлан Мұқай бастаған NCOC делегациясымен кездесті. Жиында компания өкілдері Маңғыстау облысында әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға дайын екендігін айтты.

Қазіргі уақытта NCOC қаржыландыратын төрт жоба іске асырылуда:

▪️Ақтауда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру үшін оқушылар сарайын салу;
▪️Маңғыстау ауданы Бекі ауылында 100 оқушыға арналған орта мектеп салу;
▪️Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана салу;
▪️Форт-Шевченкода 260 орындық кәсіптік бағдарлау және өнертапқыштарға арналған өнер мектебін салу.

Сонымен қатар, медициналық жедел жәрдем инфрақұрылымын жақсарту және Жаңаөзенде облыстық музейдің филиалын салу жоспарлануда.

Нұрлан Ноғаев өңірді дамытуда өзара күш-жігер біріктіріп, жұмыла іс атқарудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол NCOC компаниясына облыс экономикасының дамуына қосқан үлесі мен сенімді серіктестігі үшін алғыс білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1681 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить