Биыл қыркүйектің аяғына дейін «Балқаш – Бурылбайтал» жол учаскесінің 127 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады

Қыркүйектің соңына дейін Қарағанды және Жамбыл облыстарының аумағындағы «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізінің 127 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған

Қазір жол-құрылыс жұмыстарының соңғы сатысы жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті хабарлады.

Мәселен, «Балқаш – Бурылбайтал» жол учаскесінің 288 шақырымы жаңғыртылуға тиіс. Құрылыс жұмыстарымен Sinohydro Corporation Limited ДББҰ ҚҚ, «Син Мидас Строй «БК» ЖШС, Todini Central Asia және Sinohydro Bureau 16 ЖШС айналысып келеді.

Бұл ретте «Орталық – Оңтүстік» күре жолының құрылысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»халықаралық транзиттік автожолын жаңғырту жобасының аясында жүргізіліп жатқаны нестеріңізге сала кетейік. Жоғарыда айтқандай, қыркүйек айының соңына дейін «Балқаш – Бурылбайтал» учаскесінің жалпы 127 шақырымға жететін 3 учаскесін, атап айтқанда 1864-1905, 1905-1955 және 2069-2150 шақырымдары бойынша жол қозғалысын ашу көзделіп отыр. Қазір аталған учаскелерде демалыс алаңдарын, аялдамаларды абаттандыру, жол белгілерін орнату, сондай-ақ таңбалау жұмыстары істеліп жатыр. Бұған қоса санитарлы-гигиеналық тораптармен қамтамасыз етілетін демалыс алаңдары да қарастырылғанын айта кеткен орынды. Сонымен бірге шағын бизнесті дамыту мен жол пайдаланушыларының ыңғайлығы үшін жергілікті тұрғындарға сауда алаңдарын орнатуға мүмкіндік беріліп отыр.

Тұтастай ұзындығы 161 шақырымға жететін –1955-2005, 2005-2069, 2105-2152 шақырымындағы тағы үш учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өткен жөн. Қазір жол жабынын төсеу мен қазу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл соңына дейін бір жолақпен қозғалысты қамтамасыз ету межеленген.

Бұдан басқа осы учаскелерде су өткізу құбырлары мен малға арналған өткелдерді орнату бойынша жұмыстар аяқталып, жолдың жоғары және төменгі қабаты төселді. Бүгінде көпірлер мен өтпежол секілді жасанды құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы орайда «Балқаш – Бурылбайтал» автожол жобасының құрылыс жұмыстарына 985 жолшы маман мен 450-ге жуық техника тартылғанын атап өткен абзал.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3030 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить