Рифхат Тауфиков ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Тауфиков Рифхат Шафихович тағайындалды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Бастықтың жаңа орынбасарын жеке құрамға ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.

Рифхат Тауфиков құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы. «Әділет» Жоғары құқық мектебін бітірген.

Қызметтік жұмысын ШҚО ІІД Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы болып бастаған.

Қызмет еткен жылдары әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы, ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдан бастап Абай облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Ерлан Омарбеков жаңадан тағайындалған орынбасарға нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер қойды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3057 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Режиссер «5:32» Алишер Утев о том, как коррупция убивает казахстанское кино

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить