Елорда кәсіпкерлерін сыйақы беруге мәжбүрлеп келген алаяқ ұсталды

 Өзін фискалды орган қызметкері ретінде таныстырып, Астана кәсіпкерлерінен сыйақы талап етіп келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

«ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, күдікті кәсіпкерге моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен.

Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады.

Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген мәліметте.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына орай тергеу барысының өзге мәліметтері жарияланған жоқ.

Өздерін фискалды және басқа органдардың қызметкері ретінде таныстырғандардың заңсыз сыйақы талап ету, қысым көрсету фактілеріне тап болған кәсіпкерлер Қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 телефоны арқылы call-орталығына хабарласа алады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1867 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить