Ақмола облысында 8 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды

Жақсы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермерлердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау деректерін анықтады, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, талдау қорытындылары бойынша аудан әкімдігіне Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілді.

«Прокуратура актілері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды қабылдады және осы жылы мемлекетке ауданы 8 мың га, кадастрлық құны 58 млн теңгеден асатын жайылым қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмады», - деді ведомстводан.

Прокуратураның баспасөз қызметінен атап өткендей, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

«Аудан прокуратурасының шаралары бойынша уәкілетті орган 4 жер пайдаланушыға жалпы ауданы 5 861 га жер учаскелеріне заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етті. Жер пайдаланушылар заң бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, учаскелер мәжбүрлеп алып қойылады», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын мемлекетке жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын орман учаскесі қайтарылғанын жазған едік.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3026 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить