Отандық фермерлер үшін дизель отынының бағасы төмендетілді

ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының бағасын төмендетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында фермерлер үшін дизель отынының бағасын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, литріне 238 теңгеге дейін төмендетті.
Отынды жеткізетін өңірдегі операторлардың Энергетика министрлігі ұсынған литріне 12 тг деңгейіндегі маржасын ескергенде, «жеңілдікпен берілетін» дизель отынының шекті құны литріне 250 теңгеден аспау керек. Бұл нарықтағы бағадан 45 теңгеге арзан (литрі 295 тг)» делінген хабарламада.

Егін жинау науқанында ҚР Энергетика министрлігінің мақұлдауымен 2023 жылға арналған облыстарды ҚР мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, жалпы көлемі - 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген. Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді: осылайша фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3013 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить