Жетісу облысында қонақ үй орнына балабақша cалынады

Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық мұражайы жанындағы қонақ үй ғимараты тұрғындардың сұранысына сәйкес балабақша ретінде пайдалануға берілмек. Бұл туралы Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық мұражайы Президенттің тапсырмасына сәйкес күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстары қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

«Музейдің жөндеу жұмыстары қыркүйекте аяқталады. Нысанның жылу жүйесі де қайта жасалып жатыр. Ауыл тұрғындары музей жанындағы қонақ үйді балабақша ретінде пайдалануды сұрап отыр. Біз бұл ұсынысты қолдадық. Туристер легі көбейіп, қажеттілік туындап жатса, музейге керекті қонақ үй мәселесін қайта қарастыратын боламыз», - деді Б.Исабаев.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1833 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Стрит-арт культура в Казахстане. Есть ли будущее?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить