Шетелдіктерге арналған стипендиялық бағдарлама конкурсына 80 елден 2 мыңнан астам адам қатысты

Қазақстандық университеттерде оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарына арналған конкурсқа әлемнің 80 елінен 2 149 адам қатысты.

Осымен төртінші жыл қатарынан елімізде шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаға үміткерлерді іріктеу жүргізілуде. Аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Биыл бағдарламаға қатысуға 6 024 өтінім келіп түсті. Үміткерлер бағдарлама талаптарына сәйкес қатаң іріктеуден өтті. Өтінім білдірушілер жоғары академиялық үлгерім, талап етілген құжаттардың бар болуы және іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтуі негізінде іріктелді. Қазіргі күнде үміткерлердің нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, биыл стипендиялық бағдарламаға қатысуға өтінім беру 30 наурыз бен 30 маусым аралығында жүргізілді. 2023 жылы аталған бағдарлама бойынша 550 грант бөлінді. Атап айтқанда, бакалавриат бағдарламаларына 490 грант, магистратураға 50 және докторантураға 10 грант бөлінген.

Соңғы шешім осы жылдың тамыз айының соңғы он күнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы стипендиаттарды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссияның шешімімен қабылданады.

Айта кетерлігі, стипендиялық бағдарлама іске қосылғаннан бері оған қатысуға 10 мыңнан астам үміткер өтінім берген. Бағдарлама бойынша 139 стипендиат отандық жоғары оқу орнын тәмамдады. Бүгінде 538 студент аталған бағдарлама шеңберінде білім алуда. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3443 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить