«Маңғыстау атом энергетика комбинаты» ЖШС (МАЭК) Жылу электр станциясының №1 энергоблогын жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Мамандардың айтуынша, қазандықтың оң жақ тұзды бөлігінде зақымдалған 5 экрандық құбыр ауыстырылды. Бұған дейін сол жақ тұзды бөлігінде 12 құбыр ауыстырылған болатын.
Барлық монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген құбырлар металдарын бақылаудан өткізіп, гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Қуат блогы 17 тамызда сағат 17:30-да енгізілген. МАЭК қызметкерлері апатты тез арада жою үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс жүргізді. Энергия блогын жөндеу жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.
Қазіргі уақытта Энергия блогының жұмысы сынақтан өткізілуде, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі үшін «кезең-кезеңімен» электр қуатынан ажырату режимі алынып тасталды. МАЭК мамандары барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтермен тұрақты консультациялар жүргізеді», - делінген мәліметте.
Вам может быть интересно: «Столтенберг: когда возникнут условия для мирных переговоров – решать Украине, и только Украине»
