Жезқазғанда коммуналдық мекеме басшысы 288 млн теңгеге құбыр ұрлаған

Жезқазған қаласында коммуналдық мекеменің басшысы 288 млн теңгеге құбырлар ұрлаған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлау күдігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған,
- делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Мәлім етілгендей, аталған лауазымды тұлға қазір коммуналдық кәсіпорынның басшысы емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сүйеніп, өзге ақпаратты жарияламады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3547 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить