Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежайға барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Атап айтқанда, мұнда әуеайлақ тақталарын ауыстыру және қайта жаңарту басталды.
Әуежай әкімшілігі барлығы 1000-ға жуық тақтаны ауыстыру және жөндеу жоспарланғанын хабарлап отыр. Шаралар қараша айында аяқталуы керек. Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында 100 плита ауыстырылды.
Өңір басшысы жұмыстардың сапалы және уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
