Асхат Оралов спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады

Елордада қазақстандық спорттың дамуына үлес қосқан отандастарымыз құрметке ие болды. Qazaqstan ОКЗ-да еліміздің спортшыларын, сала ардагерлері мен қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара елімізде жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісі атап өтілетін Спорт күніне орайластырылды.

Салтанатты рәсім басталар алдында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтау сөз сөйлеп, отандық спорттың дамуына қосқан үлесі және жарқын жеңістері үшін сала өкілдеріне алғыс айтты.

Салтанатты рәсім барысында Асхат Оралов отандық спорт ардагерлеріне «Еңбек ардагері» медалін табыс етті, олардың арасында бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусінов, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанат Манашев, 1972 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Абоимов және басқа да танымал спортшылар мен жаттықтырушылар бар.

Сонымен қатар, министр спортшыларды, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерін «Cпорт саласының құрметті қызметкері» және «Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады. Айтулы күн қарсаңында барлығы 250 адам құрметке ие болды.

«Спорт күні біз халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғайтын спортшылардың, чемпиондарды тәрбиелеуге уақыт пен күш-жігерін жұмсайтын жаттықтырушылар мен спорт ұйымдары қызметкерлерінің, осы салаға өмірін арнаған ардагерлеріміздің еңбегі мен орасан зор үлесін атап өтеміз. Мемлекет басшысы Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөледі. Министрлік осы саланың қызметкерлеріне барынша қолдау көрсету үшін белсенді жұмыс жасап жатыр. Мысалы, біз спортшыларды даярлаудың келесі кезеңіне беру және топтарды басқару үшін жаттықтырушы-оқытушыларға қосымша төлем енгізу бойынша жоба әзірледік», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4215 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить