Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылуда

21 тамыздан бастап №24 және №125 маршруттардың жылжымалы құрамы жаңартылады. Бұған дейін №24 маршрутта 6 дизельді автобус жұмыс істеген. Оның орнына енді 12 жаңа газбен жүретін автобус қызмет етеді. Жолаушылардың сұранысы бойынша бұл бағыт ұзартылды. Ендігі бағыт: Сайын - Момышұлы - Төле би - Розыбакиев - Өжет ықшам ауданына дейін Солтүстік айналма көшесімен жүретін болады. Алдыңғы маршрут ҮАК бойымен жүретін. Жаңартудан кейін қозғалыс жиілігі 20 минуттың орнына 12-13 минут болады.

Сонымен қатар, №125 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады, онда бұрын 6-7 дизельді автобус жүрген болатын. 21 тамыздан бастап осы бағытта 10 жаңа газбен жүретін автобус шығарылады. Бұған дейін аталған маршруттың жиілігі 40 минутқа дейін ұзарған, жаңа автобустар шыққаннан бастап жүру жиілігі 15-18 минутқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Барлық жаңа автобус орташа сыйымдылықта, он метрлік, едені төмен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жағдайлар қарастырылған. Салқындату жүйесімен және пешпен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алуды жоспарға енгізген. 100 автобус қалаға келді және құжаттар ресімделгеніне қарай желіге шығарылып жатыр. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу көзделген.

Қалалық маршруттар туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігінің ресми парақшаларында және Алматы-жол телеграм арнасында жазылған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4193 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить