Қуандық Чункунов Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуандық Сағатбайұлы Чункунов Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қуандық Сағатбайұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2004 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы АҚШ мемлекетінде «Ашық әлем» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығының диверсификациясы» тақырыбында, 2012 жылы Ресейдегі А.А. Никонов атындағы Бүкілресейлік Аграрлық мәселелер және информатика институтында «Нарық параметрлерін болжау әдістерін зерттеу» тақырыбында, 2011 жылы Ресейде «Кеден одағы елдеріндегі Қазақстан Республикасының перспективасы» тақырыбында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақ Агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.

Әр жылдары Қазақ Агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, «Қазақстанның Ет-сүт одағы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігінің атқарушы директоры, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының агроөнеркәсіптік кооператив және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы, директорының орынбасары, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Алматы облысы Қонаев қаласы филиалының өкілі, директоры лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың 9 ақпанынан бастап қазіргі күнге дейін Алматы облысы кәсіпкерлер Палатасының төрағасы лауазымында қызмет атқарды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1776 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Алексей Ли: как бизнесмены нового поколения развивают Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить