АӨК-ке инвестиция 22% өсті

Биыл қаңтар–маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында негізгі капиталға инвестиция 432,7 млрд теңгеге жетті — былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,2% артық. Инфляцияны ескерсек, нақты өсім 22,1%, деп хабарлайды ranking.kz.

Инвестицияның көп бөлігі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына, аң аулауға және қызмет көрсетуге жұмсалды: 426 млрд теңге, бір жылда 25,4% көбейген. Балық шаруашылығына және аквашаруашылыққа салынған инвестиция бір жылда 2,2 есе өскенімен, бар болғаны 6,4 млрд теңге. Орман шаруашылығына және ағаш дайындауға салынған инвестиция 2,7 есе көбейіп, 256,6 млн теңгеге жетті.

Өңірлер бойынша сектордағы инвестицияның ең көп көлемі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі болды: 86,4 млрд теңге — былтырғымен салыстырғанда 12,2% артық.

Одан кейін Павлодар (62,7 млрд теңге, бір жылда 25,7% өскен) және Қостанай (48,7 млрд теңге, 32,9% өскен) облыстары. Бұдан әрі Ақмола (41,8 млрд теңге) және Түркістан (41,3 млрд теңге) облыстары.

Астанада секторға күрделі инвестиция болған жоқ, ал инвестицияның ең аз көлемі дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы емес өңірлерге — Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарына түсті.

Қаржыландыру көздері бойынша портфельдің басым бөлігін кәсіпорындардың меншікті құрады: 306,2 млрд теңге — былтырғымен салыстырғанда 27,1% артық.

Банктік емес қарыз қаражатының жылдық өсімді 31,5%, 106,1 млрд теңгеге дейін жетті; банк несиесі керісінше 5,1% азайып, 20,3 млрд теңге болды. Жергілікті бюджет қаражаты 178,4 млн теңге, былтыр 5,7 млн теңге болған.

Жалпы, салаға ауқымды инвестиция қажет: қазіргі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозуы шамамен 76%, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы. Былтыр отандық кәсіпорындар 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығарды, алайда қажеттілік одан да көп.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1733 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ермек Турсунов: Мне не нравится жить в этой стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить