Алматы Қазақстан бюджеті үшін басты донор болып қала береді. 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша республикалық қазынаға түсімдер 2,14 трлн теңгені құрады, ал өсім – 46%. Қала бюджетіне де салым ұлғайтылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында мәлімдеді.
"Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін қаржы 29% - ға асыра орындалды және 843 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті қала басшысы.
Алматы - ел экономикасына қосқан үлесі бойынша көп жылдан бері көшбасшы.
Вам может быть интересно: «Топ «гибких» навыков, которые казахстанские работодатели ищут в соискателях»
