Астанада үш мыңға жуық жарнамалық маңдайша алынып тасталды

Жыл басынан бері елорданың бес ауданында үш мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша мен жарнамалар алынып тасталды. Бұл жұмыс қаланың сырт келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланы әдемі әрі заманауи етеді деп санайды.

Жыл басынан бері елордада үш мыңға жуық баннер, жарнамалық белгі, оның ішінде қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтін дөңгелектердегі жарнамалар алынып тасталды.

«Мен қаламыздың келбеті күннен күнге құлпырып келе жатқанына қуанамын, ол бір стандартқа айналып келеді, маңдайшалар алынып тасталады, бұл біздің үйді ғана емес, қаланы да құлпырта түседі», – деп есептейді астаналық Айман Тұрдахинова.

«Жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, қаланың сырт келбеті ретке келтірілуде. Өте дұрыс деп санаймын», – деді елорда тұрғыны Нұрман Рахимов.

Айта кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді.

Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1475 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить