Тұрғындарды 49 млн теңгеге шығынға батырған: Атырауда қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған азаматтар «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды.

Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды.

Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі»,-делінген баспасөз-баянында.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1580 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Сможет ли война в Украине спровоцировать казахстанцев на новые массовые протесты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить