Алматы әкімдігі №48 мектеп-лицей ғимаратын реконструкциялау мерзімін бұзғаны үшін мердігерлік ұйымды сотқа берді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджет қаржысына салынатын проблемалық құрылыс және реконструкциялау нысандарын аралап көрді. 2021 жылдың шілдесінде басталған №48 мектеп-лицей ғимаратын қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысымен танысты.

Құрылыстың нормативтік мерзімі – 10 ай. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты 2022 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізілді. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды. «Риголит» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты міндеттемелердің сапасыз орындалуына байланысты сотқа талап арыз берілді. Қазір сот процесі жүріп жатыр.

Бүгінде нысан 99%-ға дайын. 1 және 2 блок бойынша ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді, ішкі инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталды. 3, 4, 5 блок бойынша барлық монолитті жұмыс аяқталды, инженерлік желілер жүргізіліп, қосылды, ғимараттың шатыры мен терезе блоктары орнатылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. 3, 4, 5 блокты сыртқы әрлеу, аумақты абаттандыру және жабдықты реттеу жұмыстары қолға алынды.

Оқу жылының басында нысанды пайдалануға беру көзделіп отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1530 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить