Президент Бакнинь провинциясы мен Қазақстанның бір өңірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды

Президент Провинциялық комитеттің хатшысы, Ұлттық жиналыстағы Бакнинь провинциясы депутаттары делегациясының басшысы Нгуен Ань Туанмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнамның өңірлері арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Вьетнамның және бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияның интеллектуалдық-өндірістік хабы саналатын Бакнинь провинциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті.

Президент өңіраралық жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында инвестиция тарту, инновацияны дамыту, арнаулы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыстары, аса маңызды шикізат материалдары мен жартылай өткізгіштерді өндіру мәселелері қарастырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2982 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Зачем Bereke Bank сменил имидж

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить