Болжам тұрақты: S&P «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясының рейтингісін «BBB-» деңгейінде растады

Халықаралық S&P Global агенттігі «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясының рейтингісін «BBB-» болжам «Тұрақты» деңгейінде растады.

«Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы отандық өмірді сақтандыру компаниялары ішінде S&P рейтингісінің жоғары көрсеткішіне ие екі компанияның бірі. Рейтинг еліміздің рейтингісіне сәйкес.

S&P сарапшыларының ойынша, Eurasia Life бизнестің ағымдағы және болжамды көлемін қолдау үшін жеткілікті капиталға, өтімділіктің сенімді позициясына және инвестициялық портфельдің жақсы сапасына ие.

«Рейтинг сапа белгісі іспеттес, тұтынушылардың сенімі негізделген компанияның беріктігі мен тұрақтылығын көрсетеді. «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы белсенді түрде өсіп, цифрлық шешімдер мен қызметтерді дербестендіру бағытында дамиды. Біз клиенттермен жұмыс тәжірибесін жақсартуға, өнім желісін кеңейтуге және қаржылай сақтандырудың ең сенімді серіктесі ретінде өз позициямызды нығайтуға тырысамыз», – деп пікір білдірді «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Оксана Радченко.

ҚР Ұлттық банкі мәліметі бойынша, 2023 жылдың алғашқы жартысында «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясының активтері 65,5 млрд теңгеден, ал меншікті капитал 24,4 млрд теңгеден асты. Компанияның таза пайдасы 4,7 млрд теңгені құрады. Компания 11 млрд теңгеден жоғары сақтандыру премиясын жинап, 774 млн теңге төлем жасады.

Айта кетейік, сәуір айында директорлар кеңесінің шешімімен Оксана Радченко «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Лицензия ҚР ҚНРД №2.2.13 28.12.2022 берілген

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2887 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2749
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Досым Сатпаев: продукты системы Назарбаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить