Қазақстандықтар соңғы алты жылда 4,6 тонна алтын құйма сатып алған

2023 жылдың шілде айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 111,1 келі 2 787 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банкі.

Халыққа тазартылған алтын құйма сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын.

Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 4,6 тонна 135 183 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г.

Сатып алушылар арасында жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 35 125 дана.

Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 30 738 дана (23%), 100 грамдық құйма – 28 389 дана (21%), 20 грамдық құйма - 24 686 дана (18%), және 50 граммдық құйма – 16 245 дана (12%).

2023 жылдың шілде айында алтын құйма көп сатылған өңірлер: Алматы (1 275 дана, 46%), Шымкент (756 дана, 27%) және Астана (151 дана, 5%).

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол мезетте төлей отырып, құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 623,0 келі 23 710 алтын құйманы кері сатып алған.

Бұл – жалпы сатылған құймалардың 18%.

Кері сатып алынған алтын құйманың барлығы халыққа Ұлттық банктің филиалдары арқылы сатылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1735 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить