Қазақстан мен Еуропалық одақ екіжақты және өңірлік форматтағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Сыртқы істер комитетінің (AFET) төрағасы Дэвид Макаллистер (Германия) бастаған Еуропалық Парламенттің (ЕП) делегациясымен кездесуі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты және өңірлік әріптестікті нығайтудағы жаңа қадам болды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР СІМ ғимаратында өткен іс-шарада AFET комитеті төрағасының орынбасары Желяна Зовко (Хорватия), еуродепутаттар Георге-Влад Нистор (Румыния), Клемен Грошель (Словения), Карстен Люке (Германия), Юозас Олекас (Литва), Манолис Кефалояннис (Грекия) және Еуропарламенттің бірқатар жетекші партиялық топтарының саяси кеңесшілері қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі екіжақты саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ көлік және логистика, энергетика салаларындағы өзара әрекеттесуін, оның ішінде Орта дәліздің дамуын талқылады. Сонымен қатар аса маңызды шикізат материалдар және «жасыл» сутегі сияқты жаңа перспективалық тауашалар талқыланды.

photo

Министрдің орынбасары Қазақстанның Еуропалық Одақпен жақындасуына ықпал ететін еліміздің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды ең жақын арада бастаудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар парламентаралық қатынастар дамуының оң динамикасына да қанағаттанушылық танытты. «Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымын дамытуда аса маңызды рөл атқара алады, сонымен қатар Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі біздің күш-жігерімізді қолдай алады», – деп атап өтті Р.Василенко.

photo

Өз тарапынан Д.Макаллистер ҚР мен ЕО арасындағы саяси диалогтың жай-күйіне жоғары баға беріп, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша тараптар арасындағы тұрақты және қарқынды өзара іс-қимылды құптады.

«Қазақстан Еуроодақтың Азияға жол аша алатын өңірдегі сенімді әрі тұрақты серіктесі. Орталық Азия Еуропа үшін маңызды. Ал Еуропа Орталық Азия үшін маңызды», – деді еуропалық саясаткер.

photo

Сонымен қатар, өзекті өңірлік және халықаралық сын-қатерлер, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасу өтті.

Анықтама: Еуропалық одақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Қазақстандық сыртқы сауда мен шетелдік инвестициялардың 30%-дан астамы ЕО үлесіне жатады.

photo

2022 жылдың қорытындысы бойынша тараптар арасындағы тауар айналымы 39,9 млрд АҚШ доллар құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 38%-ға жоғары. Ағымдағы жылы 6 айдың ішінде сауда көлемі 0,3%-ға ұлғайып, 20 млрд АҚШ долларынан асты.

2022 жылы Еуроодақтан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 23%-ға өсіп, 12,5 миллиард АҚШ долларға жетті, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш болды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1766 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Галим Хусаинов: санкции, Kaspi, исход российских банков, прощение кредитов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить