Құралай Мұқажанқызы Айдарханова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды әкімдік.
Құралай Айдарханова 1981 жылы Жезқазғанда дүниеге келген.
2003 жылдан бастап мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында түрлі басшылық қызмет атқарды.
2016 жылдан бастап Астана қаласы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қызметті үйлестіру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ орталық филиалында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Вам может быть интересно: «Основатель криптобиржи FTX не признал в суде свою вину в мошенничестве»
