Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында болды. Елдің индексі 25,4. Бұл индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағалайды, деп хабарлайды finprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат елдердің бірі, Армениядан кейінгі екінші орында. Беларусь 98, Молдова 101, Ресей 110, Қырғызстан 111, Украина* 114, Әзірбайжан 119, Өзбекстан 125-орында.

Алдыңғы орындарды Бермуд аралдары, Кайман аралдары және Сингапур алса, Пәкістан рейтингтің соңында.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,6%, жыл басынан бері 5,8% және бір жылда 14% өсті. Биыл қаңтар–шілдеде бағаның өсуі 2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда 17,2% болды.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), сондай-ақ Қарағанды және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (өңірлердің әрқайсысында 0,8%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (өңірлердің әрқайсысында 15,4%), ал ең азы — Атырау облысында (11,8%) байқалды.

Биыл қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша бағаның ең көп өсімі Маңғыстау облысында (19,5%), ең азы — Алматы облысында (15,7%) байқалды.

Ай сайынғы динамика бойынша, азық-түлік тауарлары — 0,1%, азық-түлік емес тауарлар — 0,7%, ақылы қызметтер — 1% қымбаттады. Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары — 13,5%, азық-түлік емес тауарлар — 15%, ақылы қызметтер — 13,6% қымбаттады.

Қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша, баға азық-түлік тауарлары 19%, азық-түлік емес тауарлар — 17,8%, ақылы қызметтер — 13,9% қымбаттады.

Азық-түлік және алкогольсіз сусындар бір жылда 13,3% қымбаттады (бір айда өсім байқалған жоқ). Киім және аяқ киім бір айда 0,7%, бір жылда 15,2%; тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері бір айда 1%, бір жылда 14,9%; денсаулық сақтау қызметтері бір айда 1%, бір жылда 17,5%; демалыс және мәдениет қызметтері бір айда 3,6%, бір жылда 16%; білім беру қызметтері бір айда 0,2%, бір жылда 13%; мейрамханалар мен қонақүйлер бір айда 0,5%, бір жылда 15,3% қымбаттады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3288 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить