Қазақстан биылдан бастап сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайтпақ

Үкіметте ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жиында еліміздегі газ тұтынудың жыл сайын артып келе жатқаны, атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 1,8 млн тоннаны құрағаны айтылды. Бұл көлемнің 65%-ға жуығы автокөліктерге, 25%-ы өнеркәсіп кәсіпорындарына, 10%-ы халықтың қажеттіліктеріне және басқа да салаларға жұмсалды. 2023 жылғы болжамды газ тұтыну көлемі 1,9 млн тоннаны құрайды.

Артып келе жатқан қажеттіліктерді өтеу үшін бірқатар келешегі бар жаңа кен орындары игеріле бастайды. Олардан алғашқы өндірілген газды осы жылдың соңына дейін алу жоспарланып отыр.

Премьер-Министр жанар-жағармай нарығындағы жағдайды ұдайы бақылаудың және азаматтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз қамтамасыз ету үшін жоспарланған жобаларды уақтылы іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3067 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить