Ақша, қару, адам өлтіруге оқталу: Қылмыстық топтың 12 адамы қамауға алынды

 23 тамыз күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды. Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжамды «киллері» көрші мемлекеттің аумағында ұсталды.

«Тінту бойынша 70 іс-шара өткізілді, соның нәтижесінде 9 қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1808 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить