QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландыру — Алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Полиция СҚО-да WhatsApp желісінде тарап жатқан домофонды ауыстыру туралы хабарламаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысында QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр.

- Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру — жалған ақпарат. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларына хабарласуын сұраймыз, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кету қажет, осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарауда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2061 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить