Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысы Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Президент Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтіп, оның аймақтағы орнықты өсімді қамтамасыз ету, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Каха Имнадзе орталық қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның өңірдегі бейбітшілікті нығайту және диалогты ілгерілету ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Каха Имнадзе өңір елдерінің өзара жемісті ынтымақтастығына жан-жақты ықпал етуге тырысатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесу барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай талқыланды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2418 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить