ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Аргентинаға жұмыс сапарымен келді.
Қазақстан мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында Қ. Омаров сімаралық саяси консультациялардың төртінші раундына қатысты. Аргентина делегациясын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Пабло Теттаманти басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелері мен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Саяси консультациялар нәтижесінде тараптар өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар арқылы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге келісті.
Белгілі экономист, Бразилияның сыртқы сауда жөніндегі бұрынғы Мемлекеттік хатшысы және «BMJ» халықаралық компаниясының директоры Уэлбер Барралмен кездесу барысында әлемдік экономиканың ауқымды мәселелері, Оңтүстік Америкадағы интеграциялық үдерістері және Қазақстан мен Латын Америкасы аймағы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Вам может быть интересно: «Страны БРИКС согласовали условия для приема новых членов»
