Облыс әкімі QazaqGaz АҚ басшысымен энергетика саласының мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешевпен, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бауыржан Асқаровпен кездесіп, аймақтың энергетика саласындағы өзекті мәселелерін талқылады.

Алдымен аймақ басшысы Бауыржан Бекзатханұлын «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

«Қазір елді мекендерді «көгілдір отынмен» қамту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Өңірдің газдандыру деңгейі 72 пайызға жетті. Биыл газдандыру бойынша 26 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 8,6 млрд.теңге қаржы бөлінген. 10 жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 12 елді мекен тұрғындары табиғи газ тұтыну мүмкіндігіне ие болады.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін де атап өткен жөн. Компанияның инвестициялық бағдарламасы аясында 25 млрд. теңгеге 4 аудан орталығы, яғни Арал қаласы мен Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері, Байқоңыр қаласы және басқа да елді мекендер газдандырылып, бүгінде халық игілігін көруде», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Дегенмен, газдандыру саласында шұғыл шешуді қажет ететін бірқатар түйткілдер бар. Кездесу барысында коммуналдық меншіктегі газбен жабдықтау нысандарын пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру, компания филиалының аудандарда апаттық-диспетчерлік қызметін құру, тұтынушылардың қарызын азайту және Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 240 МВт құрайтын жаңа бу-газ қондырғысының құрылысы мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы олардың шешім табуы аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетінін атап айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3971 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить