Ақмолалық диқандар егін орағына кірісті

 Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егін жинау жұмыстарын бастады. Биылғы жылы өңірде 5,3 млн га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жоспарлануда, деп хабарлайды  облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Егіс алқаптарының негізгі бөлігін дәнді дақылдар құрайды – бұл 4,9 млн га. Майлы дақылдарды 198 мың га алаңда, жемшөп дақылдары 223,4 мың га алаңда жинау жүргізіледі. 13 мың га астам алаңнан картоп және 2 мың га көкөніс жинау жоспарлануда», - деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов.

Бүгін Ақмола облысының барлық 20 ауданының фермерлері егін жинауға кірісті.

Егін орағы науқанына 29 мың астық жинайтын комбайн, трактор, жүк автомобильдері, сондай-ақ 2,6 мың орақ қатысады. Биыл 43,7 млрд теңгеге 1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

2023 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша 300 мың гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар шабылды.

Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірін өндіреді. Бұл ретте облыс астыққа, тұқымға және жемге деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Еске кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында күзгі егін орағына 7 мыңға жуық комбайн пайдаланылатынын жазған едік.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4915 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить