Қазақстан елшісі Хорватияның президентіне сенім грамоталарын тапсырды

 Қазақстанның Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватия Республикасының президенті Зоран Милановичке Сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Хорватия мемлекетінің басшысын Қазақстандағы саяси және экономикалық трансформация аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Тараптар Қазақстан мен Хорватия арасындағы қарым-қатынастардың достық сипаты, екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің халықаралық және еуропалық тректердегі өзара іс-қимылын тереңдету бойынша дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-экономикалық сала серіктестіктің басым бағыты ретінде белгіленді. Екі жақтың пікірінше, халықаралық жағдайдың құбылмалылығының артуына байланысты ынтымақтастықтың қолданыстағы тетіктерін, соның ішінде Үкіметаралық комиссия, саяси консультациялар және басқа да форматтарды тиімді пайдалану маңызды деп келісті. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды.

Жылы атмосферада өткен кездесу соңында Зоран Миланович Қазақстан халқына және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі ниетін жолдай отырып, Елшіге дипломатиялық миссиясының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5164 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить