Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиынға мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Жануарлар түрін пайдалануға рұқсат беру» лицензиялау рәсімі шеңберінде құжаттарды ұсыну талабы туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігі реттеушілік әсерді талдау процедурасының сақталуына оң қорытынды беріп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы реттеушілік әсердің осы талдауына ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығын жеткізді.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар банктік қарыз шарты немесе шағын несие беру шарты бойынша несие ұсынушы құқықтарын (талаптарын) белгілеген кезде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес жеке тұлғалардың берешектерiн коллекторлық агенттiктер арқылы есеп айырысу ісіне қатысты мәселелерді қарады. Нақтырақ айтқанда, коллекторлық агенттіктің борышкердің берешегін өтеуі бойынша шаралар қабылдау, банктік қарыз шарты негізінде міндеттемелерді енгізу мәселелерді талқыланды.

Комиссия отырысын қорытындылап, Ерұлан Жамаубаев комиссияға реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6904 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить