2022 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 66,6 млрд теңге аударады

Президент Қ. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастамалардың бірі – «Самұрық-Қазына» қорының жыл сайынғы таза табысының кемінде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізілді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қорға 66,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Қор мәліметінше бүгінгі таңда медицина, білім беру, спорт, әлеуметтік қолдауды қоса алғанда, 6 бағытта 35-тен астам қайырымдылық бағдарламасы іске асырылуда.

Ауыр, өмірге қауіп төндіретін және орфандық аурулары бар 324 қазақстандық жалпы сомасы 24,9 млрд теңгеден астам қымбат дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. 20 пациент жалпы сомасы 585,1 млн теңгеге шетелде ем алды. 4 өңірде 4 Ерте араласу орталығы ашылды.

Алдағы оқу жылына халықтың әлеуметтік осал санаттарынан шыққан студенттерге 850 білім беру гранты бөлінді. 17 өңірде материалдық-техникалық базасы толық жаңартылған 17 ауылдық тірек мектебі құрылды. 17 облыста тағы 63 мектеп бойынша жұмыс жалғасуда.

Ауылдық жерлерде 24 спорт залы ашылды, 15 мыңнан астам баланы қамтитын тағы 76 зал ашу жоспарланып отыр. Өңірлерде жылдам құрастырмалы модульді спорт залдарын орнату жоспарланған.

96 бала мен жасөспірім инновациялық протезбен қамтамасыз етілді. Оған 931,9 млн теңге жұмсалды. 10 пара-спортшыға спорттық-жүгіру протездері жасалды. Елде алғаш рет пара-спортшыларға арналған жүгіру мектебі ашылды. Аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған 4 орталық ашылды.

Ұлттық әл-ауқат қорынан аударылатын қаражатты есептемегенде, тек қайырымдылық жарналарының өзі 156 млрд теңгені құрады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6967 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить