МСМ: туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындарын ішінара өтеу шеңберінде 29 өтінім мақұлданды

Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары аясында шығындарды ішінара өтеуге бағытталған жалпы сомасы 480 млн теңгені құрайтын 29 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Қаражат туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға және реконструкциялауға, туристік автобустар мен тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

Былтырдан бері Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енген, олардың ішінде – белгілі бір шығындарды ішінара өтеу де бар.

Туробъектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне шығындарының 10% - ы өтеледі. Дәл сондай қолдау кәсіпкерге жол бойындағы сервис объектілерін (қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттері және т.б.) салу үшін көрсетіледі. 8 және одан да көп орындық автобустарды сатып алғаны үшін 25% көлемінде өтемақы көзделген. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындары тең көлемде өтеледі. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады (айына 83 000 теңге).

«Жалпы, осы мемлекеттік қолдау шаралары мен қол жеткізген оң жетістіктерге бизнестің қызығушылығының артқаны байқалады. Бұл ретте, біз кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, осы бағдарламаны іске асыру тетіктерін жетілдіруге арналған жұмыстарды жалғастырамыз», – деп атап өтті мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7145 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Что будет с банком Bereke?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить