Былтыр 11,7 мың үй шаруашылықтары арасында жүргізілген ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес, халықтың теледидармен қамтамасыз етілуі 99,9% болды. Қалалық жердегі отбасыларда 99,9%, ауылдық жерлерде 100% теледидар болған. ҚР-дағы әрбір 100 үйге орта есеппен 115 теледидар келеді, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер бойынша Қарағанды (99,9%), Ақтөбе (99,8%) және Ақмола (99%) облыстарын қоспағанда, басқа облыстар 100% теледидармен қамтамасыз етілген. Былтыр осы кезеңде 17 өңірдің ішінен Қарағанды (99%), Ақмола және Қостанай (99,8%) облыстары толық теледидармен қамтамасыз етілмеген еді.
Тұрғын үйді абаттандыру түрі ретінде телехабар тарату түріне келетін болсақ, сауалнамаға қатысқандардың 43,3%-ы кабельдік теледидар қызметін пайдаланады, бір жыл бұрын көрсеткіш 40,3% болған. 32,2%-ы спутниктік теледидар қызметін пайдаланады (2021 жылғы 32,6% болған), 24,5%-ы эфирлік теледидар қызметін пайдаланады (бір жыл бұрын 27,1% болған).
Өңірлер бойынша спутниктік теледидар қызметін көбіне Алматы (65,3% үй), Жамбыл (54,9%) және Солтүстік Қазақстан (54,9%) облыстарының тұрғындары, ең аз астаналықтар (3,7%) пайдаланды.
Кабельдік теледидар Алматы (84,5%), Астана (76,3%) және Павлодар облысының (65,6%) тұрғындары арасында танымал, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында (1,1%) байқалды.
Эфирлік теледидар көбіне Ақтөбе (94,5%), Түркістан (73,6%) және Қызылорда (49,1%) облыстарының тұрғындарында, ең аз Маңғыстау облысында (0,4%).
Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, теледидарлар бір жылда 4,1% арзандады, дегенмен оларды жөндеу бірден 19,8% қымбаттады. Кабельдік теледидар қызметінің бағасы 3,1% төмендеді, спутниктік теледидар қызметі керісінше, 6,9% қымбаттады.
Еліміздің әр өңірінде арзандау байқалған: Алматы және Ұлытау облыстарында 4,6%, басқаларында 4%.
Маңғыстау облысында теледидар жөндеу қымбаттады: бір жылда бірден 59%. Бағаның айтарлықтай өсуі Алматыда (49,4%) және Батыс Қазақстан облысында (34,8%) байқалды.
Кабельдік теледидар ел бойынша орташа алғанда арзандады, алайда ҚР-ның 6 өңірінде қымбаттады, ал 11 өңірде баға былтырғы деңгейінде қалды. Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Павлодар (8,7%), Ұлытау (6,3%) және Жамбыл (5,2%) облыстарында байқалды. Айтарлықтай арзандау тек Алматыда болды: бір жылда 10% төмендеген. Шығыс Қазақстан облысында да баға төмендеді: 1,3%.
Спутниктік теледидар қызметінің бағасы ҚР-ның 6 өңірінде бұрынғы деңгейде қалды, ал қалғандарында өсті. Ең жоғары жылдық қымбаттау Атырау (36,1%), Абай (19,6%) және Шығыс Қазақстан (18,5%) облыстарында тіркелді.
Вам может быть интересно: «Минюст США подал иск к SpaceX Маска из-за дискриминации беженцев и просителей убежища»
