Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты

Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Ақорда.

Шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон «Астана Опера» театрында ұйымдастырылған Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді.

Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы, сондай-ақ дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері қойылған.

Содан кейін екі ел басшылары Тәжікстан өнерпаздарының концертін тамашалады. Көрермендерге тәжіктің «Зебо», «Гулрез», «Парасту» би ансамбльдері, сондай-ақ Амирджон Рузи, Шарофат Усмонзода, Ситораи Кароматулло, Тахмина Ниезова, Рахматулло Хошим, Фотимаи Худойберди және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.

Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері 23-26 тамыз аралығында өтеді. Шара аясында тәжік кинематографиясының жауһары саналатын «Рустам мен Сухроб» көркем фильмі көрсетілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7687 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить